“Тастамашы, ана” атты Саят Қамшыгердің аудармасымен жазылған бұл кітапты жақын уақытта оқып біттім . Алғашқы беттерін оқыған сәтте әртүрлі эмоциялар бойымды билеп алды . Бір де күлдім,бір де мұңайдым. Себебі, бұл кітаптың мазмұны өте жеңіл, әрі мағыналы жазылған. Жазушы бас кейіпкер Ілиястың жан дүниесін ашып көрсету арқылы бүгінгі күннің ащы шындығын көрсеткісі келеді деп ойлаймын. Ата-анасынан асырылған жетім балалардың аянышты тағдыры, балалар үйіндегі әр баланың ішкі сезімдері барлығы оқырманға түсінікті тілде жазылған. Меніңше,кітапты оқыған әрбір бала ата-ананың қадірін түсініп, қолда бар бақытты жіберіп алмауды үйренеді. Үлкендер балаларға мейірім қажет екенін ұғынады.Сол үшінде кітапты оқып көруге кеңес беремін.
Бұл кітап маған өте әсерлі болды. Оқығанда баланың ішкі жан дүниесін, ана мейіріміне деген зәрулігін терең сезіндім. Шығарма арқылы ата-ананың бір ғана сөзі немесе салқын қарым-қатынасы баланың жүрегіне үлкен жара салатынын ұқтым. Кейіпкердің жанайқайы мені ойландырды, кей жері көңілге ауыр тиді. Кітап маған жақын адамдарды қадірлеу, сезімге немқұрайлы қарамау керектігін түсіндірді. Ата-ана мен бала арасындағы түсіністік өте маңызды екенін ұқтым.
Тастамашы, ана шығармасында баланың тағдыры арқылы ананың мейірімі мен баланың оған деген мұқтаждығы көрсетіледі. Кейіпкер анасының жанында болғысы келеді, бірақ өмірдің жағдайлары оған қиындық әкеледі. Осы сәттерде баланың ішкі сезімі анық байқалады. Оқиға ауыр болса да, автор оны асырып жібермей, шынайы түрде жеткізеді. Бұл кітап адамға ананың қадірін түсіндіріп, жақын жандарды бағалауға үйретеді.
Ия сіздің пікіріңізге келісемін. Бірақ қазіргі қоғамда ананың қадірін түсінуге бағытталған жобалар көп болғанымен нәтиже аз ғой. Ол туралы не дер едіңіз?
Мен ойлаймын үйде ата анамен көп контакт орын алса, еркін өз ойын ашық айту орын алса мұндай жағдай орын алмас еді. Себебі бала ата анасынан көп ұрыс естіген сайын қорқақтап жасырын әрекеттер жасауға құмар болады
«Кітаптың атауы — «Тастамашы, ана!» — кез келген адамның жүрегін тілгілейді. Шығарманы оқып болған соң, отбасымның, ата-анамның қадірін бұрынғыдан да қатты түсіне бастадым. Бұл кітап маған қолда бар бақытты бағалауды және тағдырдың сынына ұшыраған жандарға бейжай қарамауды үйретті».
Маған «Тастамашы, ана» кітабы ұнады, себебі бұл шығармада ананың мейірімі мен балаға деген шексіз махаббаты өте әсерлі бейнеленген. Кітап адамды ойландырып, ананың қадірін терең түсінуге жетелейді. Тілі қарапайым әрі жүрекке жақын, оқырманның жан дүниесіне әсер етеді.
маған бұл шығармада ұнамаған тұсы неге біздің қоғамда баланы өсіру жауапкершілігін анасына артып қояды. Бала неге тек анасынан мейірім көруі қажет. Бұл саналы екі адамның өммірге әкелген баласы болғандықтан оған екеуіде жауап беруі қажет емеспе сіз қалай ойлайсыз?
Бұл кітапты 1 сағат уақыт аралығында оқып шықтым. Сюжеті өте қатты ұнады. Басты кейіпкердің ішкі жан дүниесін түсініп, Ілияс тап болған жағдайларда өзім тұрғандай сезімде болдым. Оқырманды қызықтыратын жағдайлар көп кездеседі. Дәл осы кітапты оқып болған соң анам мен әкемді құшақтап, тоқтаусыз жыладым. «Неге адамдар қатыгез?», «Балаға мейіріммен жылы сөйлеуге болмады ма?», «Осындай жағдайлар неге жиі болады?» деген сұрақтар мені мазалағаны жасырын емес. Дәл Ілиястың тағдыры қаншама балалардың басынан өтіп жатқаны бір сәтте көз алдымнан жел ескендей жүгіріп өтті десем де болады. Сондықтан да әрбір адам осы кітапты оқып шықса дер едім.
Кітап әрине өте керемет бірақ ең қатты әсер қалдырғаны бас кейіпкер Ілиястың тағдыры. Кішкентайынан бар қиыншылыққа тап болған кейіпкер еш мойымай алға нық қадам басты. Оның қиындықтарды жеңуге деген талпынысы, алға, келешекке деген сенімі-нағыз мотивация.
Менің ойымша кітаптағы ең өзекті мәселелердің бірі ананың бала өміріндегі рөлі, маңызы. Ана мейірімі-баланың өмірдегі ең басты тірегі. Неге осыны қазіргі қоғамдағы аналар түсінбейді? Неліктен балаларын балалар үйіне береді? Балаға да ана жылуы әке жылуы керек қой.
Менің ойымша, Айгиз Баймұхамбетовтің «Тастамашы, ана» шығармасы қазіргі қоғамдағы өте өзекті мәселені көтереді. Шығармада ананың баласын тастап кетуге дейінгі ауыр күйі, қоғамның оған жеткілікті қолдау көрсетпеуі анық көрінеді. Кейбір аналар осындай жағдайға неге тап болады деген ой келеді.
Бұл мәселе тек бір адамның тағдыры емес, бүкіл қоғамға ортақ проблема сияқты. Қиын сәтте жанашырлық пен мейірім аз болғандықтан, баланың тағдыры қиналады. Автор арқылы ананың қадірін, баланың өміріндегі ата-ананың жауапкершілігін терең сезінуге болады.
Бұл шығарма мені ойландырып, адамдар бір-біріне бейжай қарамауы керек деген қорытындыға әкелді.
Бұл шығарманы оқи отырып, ананың тағдырына бейжай қарау мүмкін емес. Осындай ауыр жағдайға түскен анаға неге көмек аз көрсетіледі? Кейде адамдар бір-біріне немқұрайлы қарап, қиындыққа душар болғандарды қолдамайды. Меніңше, мұндай мәселелер тек отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Шығарма адамдарды ойлануға, жанашыр болуға шақырады. Оқыған сайын әрбіріміздің өз әрекетіміздің басқа адам тағдырына әсер ететінін сезінесің.
Айгиз Баймұхамбетовтің «Тастамашы, ана» кітабы қоғамдағы өзекті мәселелерді терең қозғайды. Шығарманы оқи отырып, тастанды баланың тағдыры арқылы қоғамның қатыгез тұстары көрінеді.
Неліктен кейбір аналар баласынан бас тартуға мәжбүр болады? Бұл ананың кінәсі ме, әлде қоғамның салдары ма? Балалар үйінде өскен баланың жан жарасын кім түсінеді, оған мейірімді кім береді?
Кітап оқырманды ойлануға жетелейді: ата-ана жауапкершілігі қаншалықты маңызды және қоғам баланы қорғау үшін не істеп жүр?
Айгиз Баймұхамбетовтің «Тастамашы, ана» кітабы адам жанына әсер ететін ауыр тақырыпты көтереді. Шығармада тастанды баланың тағдыры арқылы қоғамдағы мейірімнің азаюы анық сезіледі.
Неге кейбір балалар ана махаббатынсыз өседі? Олардың балалық шағын ұрлаған кім – тағдыр ма, әлде немқұрайлы қоғам ба? Ана үшін ең үлкен жауапкершілік не, ал қоғам баланың болашағы үшін қаншалықты жауапты?
Бұл шығарма әр оқырманды бейжай қалдырмайды. Біз әлсіздерді қорғай алып жүрміз бе, баланың көз жасына жеткілікті мән беріп жүрміз бе деген ойға жетелейді.
Ата-анасынан ерте айырылған балалардың ауыр тағдыры суреттелген кітаптың басты кейіпкері автордың өзі екенін білгенде таң қалудан басқа амал қалмайды. Балапандай балбырап, табанын енді жерге тигізіп тәй-тәй басқан шақта тағдыр тырнағын батырған балалардың жетімдер үйіндегі өмірі жайлы кітап көптің көзін ашты десем, артық айтқандық емес. Кітаптағы бас кейіпкердің тағдыры – тастанды балалардың тағдыры ғана емес, сонымен қатар қоғамның жан айқайы. Автор оқырманды оқиға желісімен жылатып қана қоймай, жауабы жоқ сұраққа жетелейді. Әлі оң мен солын танымай жатып, қоғамнан қатыгездік, тағдырдан титықтаған балаларды көргенде «Неліктен аналар баласын тастайды? Неліктен адамдар мейірімнен алыстап барады?» деген сұрақ еріксіз ойға оралады. Бір қарағанда бұл сұрақтың жауабы қарапайым сияқты, бірақ шындығында өте ауыр. Өйткені, адам жүрегіндегі мейірімді бір сәтке жоғалтса – ол өмірдің мәнін де жоғалтады. Айгиз Ғиззатұлының туындысы әр оқырманның жүрегіне жол таба отырып, бейкүнә баланың көзімен өмірді суреттей келе, бізге ең қымбат нәрсе – ананың аялы алақаны, отбасының жылуы, үйдің иісі екенін еске салады.
Менің пікірімше, Айгиз Баймұхамбетовтің «Тастамашы, ана» кітабы қоғамдағы ең ауыр әрі жанға бататын мәселелерді ашып көрсетеді. Шығармада ана мен бала арасындағы байланыс, жетімдік тағдыры және ата-ананың жауапкершілігі шынайы әрі әсерлі суреттелген. Автор кейіпкерлердің өмірі арқылы мейірімнің жетіспеуі мен адамдардың немқұрайлылығын айқын көрсетеді.
Бұл кітап мені терең ойға қалдырды, себебі бала тағдырына тек бір адам емес, бүкіл қоғам жауапты екені сезіледі. Қиын жағдайға түскен аналардың ішкі күйзелісі де, баланың көрген азабы да өте нанымды берілген. Мен бұл шығарманы оқи отырып, адамгершілік, жанашырлық және жауапкершілік сияқты құндылықтардың маңызын ерекше түсіндім.
Әрине, бізге балалық пен бақыт егіз ұғым секілді көрінеді. Бірақ балалықтың бал дәмін татпағандар да қаншама?! Солардың қатарында қалтарысы мен бұлтарысы көп өмір соқпағынан соққы алып, еңсені басқан ауыртпалықты еңсеріп тастай алмаған «Тастамашы, Ана!» кейіпкерлері де бар. Жеті баласын жәутеңдетіп тастағысы келмесе де, ажал алқымынан алған ана Гүлнұр да, әйелінің өлімі қамшының сабын, өзінің сағын сындырып қанша қиындық көрсе де балаларын барынша қорғауға тырысқан әке Ғиззат та, мектеп табалдырығында ойнап-күліп жүрудің орнына, бауырларыма «кешкі асқа не пісіремін?» деп ойлайтын бесінші сынып оқушысы Әлия да, ата-анасынан өлідей, бауырларынан тірідей айырылып қалған Алсу да, балалығы мен шалалығы басым, әлі бес жасқа толмаған Зульфира да, қатігездіктің салдарынан өмірден қыршын кеткен Фарит те, өзі емес, өмір қатігезге айналдырған Даян да, көзін ашса да, жұмса да анасының бейнесін көріп, түсінде әкесімен сырласатын Ілияс та бақыт аңсаушылары еді. Олар бақытты аңсап қана қоймай, қолынан келгенше күресті. Алайда, ата-анасының талқаны таусылып, аңсаған бақытына қол жеткізе алмады. Ал жетімдіктің ащы дәмін татып, үлкеннен озбырлық, кішіден мазақ көрген балалардың үміті сығырайған білте шамның жарығындай сөнуге айналды. Бірақ сөнбеді.
Олар кішкентай жүректің иесі болса да, үлкен арман мен үлкен жоспарды жүрегіне ұялата білген жандар еді. Жүрегіндегі жігер мен көзіндегі сенімі, кеудесіндегі оты болашаққа жетеледі. Жеті бауыр жеті жақта жүріп те бір-бірінің жүрегіне үрлеп дем берді. Түрі түнеріп, қабағынан қар жауып жүретін тәрбиеші де, қыстың қақаған аязында аяғынан өткен суық та, жоғары сынып оқушыларының соққысы да оларды алға қойған мақсатынан айырған жоқ. Керісінше, әр соққы, әр кедергі бауырлардың әсіресе Ілиястың намысын қажады. Оның жан-жарасының емі анасымен сырласу болды. Түн көрпесін жамылып, кірпігі айқасқанда-ақ Ілияс анасын еске алып, іштей сырласып жанына медеу, көңіліне демеу табатын.
Менің пікірімше, Айгиз Баймұхамбетовтің «Тастамашы, ана» шығармасы қоғамдағы ең ауыр әрі ойландырмай қоймайтын мәселелерді ашады. Бұл кітапта аналық жауапкершіліктің әлсіреуі, әлеуметтік қиындықтар салдарынан баланың тағдырына немқұрайлы қарау сияқты өзекті проблемалар көрініс табады. Қоғамда жылулық пен мейірім жетіспеген кезде ең алдымен зардап шегетін – бала екені шығарма арқылы анық сезіледі. Автор кейіпкерлердің тағдыры арқылы әрбір ананың ғана емес, бүкіл қоғамның бала алдындағы жауапкершілігін еске салады. Кітап мені адамгершілік, мейірім және жауапкершілік туралы терең ойға жетеледі, сондықтан бұл шығарма қазіргі қоғам үшін өте маңызды деп ойлаймын.
Менің ойымша Айгиз Баймұхамбетовтің «Тастамашы, ана» шығармасы қоғамдағы өзекті мәселе – ана жауапкершілігі мен жетімдік тақырыбын көтереді. Кітапта ана мейірімінен айырылған баланың жан дүниесіндегі ауыр тағдыр шынайы суреттелген. Автор баланың тағдырына тек ата-ана емес, бүкіл қоғам жауапты екенін көрсетеді. Бұл шығарма мені адамгершілік пен мейірімнің қадірін терең түсінуге жетеледі.
Айгиз Баймұхамбетовтің «Тастамашы, ана» шығармасы – қоғамдағы өзекті мәселелерді, әсіресе ата-ана жауапкершілігі мен ана махаббатының маңызын көрсетеді. Кітапта ананың баласынан бас тартуы тек жеке трагедия емес, әлеуметтік қиындық пен қоғамның салғырттығын көрсетеді.
Меніңше, басты мәселе – баланың мейірімге зәрулігі. Ана махаббатын көрмей өскен бала өмір бойы жарақат алады. Сонымен қатар, шығармадан қоғамның әлсіз жандарға қолдау көрсетпеуі мен отбасылық құндылықтардың әлсіреуі де көрініс табады.
Қорытындылай келе, бұл шығарма жүрекке жетіп, әр баланың тағдырына жауапкершілікпен қарауға үндейді.
«Тастамашы ана» кітабы маған өте ұнады себебі, онда шынайы өмірдегі қиындықтар мен адамгершілік мәселелері әсерлі көрсетілген. Кейіпкерлердің тағдырын оқыған сайын өмірдің бағалы сәттерін сезесің, жақындарыңа деген махаббатың артады, ал ана мен баланың арасындағы шынайы махаббат пен жауапкершілік туралы ойлар жүректі терең толқытады. Сонымен қатар, кітаптың тілі жеңіл әрі түсінікті болғандықтан, оқыған сайын адамгершілік пен мейірімділіктің мәнін тереңірек түсінесің және өз өміріңді де салыстырып ойланасың.
Бұл шығармада басты кейіпкердің өмірі мен қиындықтары арқылы отбасы мен қоғамдағы маңызды мәселелер көрсетілген. Ана мен бала арасындағы байланыс қандай жағдайда ең мықты болады? Басты кейіпкердің өмір жолы қазіргі замандағы аналардың әлеуметтік қысым мен қиындықтарға қарсы күресіне ұқсай ма? Кітапта бейнеленген қиын жағдайлар бізді айналамыздағы адамдарға көбірек қамқор болуға шақыра ма? Сонымен қатар, шығармадан оқырман өз өміріндегі жауапкершілікті қалай бағалай алады деген ой туады. Меніңше, бұл шығарма адамгершілік пен отбасы құндылықтарының өзектілігін тағы бір мәрте еске салады.
Менің пікірімше, бұл шығармада автор қоғамдағы ананың рөлі мен отбасыдағы жауапкершілікті терең көрсеткен. Ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, қоғамдағы қиындықтар мен қиын таңдау мәселелері өте өзекті көтерілген. Кітапта кейіпкерлердің өмірлік сынақтары арқылы адамгершілік, махаббат пен мейірімділіктің маңызы айқын көрінеді. Осы арқылы автор бізге өмірде отбасы мен адамгершілікті жоғары қоя білу керектігін ескертеді.

Бұл шығармада ана мен бала арасындағы байланыстың нәзік, бірақ кейде күрделі жақтары көрсетілген. Ана мен бала арасындағы түсініспеушілік қазіргі қоғамда да өзекті мәселе емес пе? Балаға қамқор бола тұра, оның өзіндік пікірін тыңдай аламыз ба? Автордың ойынша, сүйіспеншілік пен тәрбие бір-бірімен қайшыласуы мүмкін бе? Кітаптағы кейіпкерлердің тағдырынан біз қазіргі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты көре аламыз ба?
Менің пікірімше, шығарма адамгершілік, жауапкершілік және отбасылық құндылықтар мәселесін терең қозғайды. Ол бізге ата-ана мен баланың арасындағы сенім мен махаббаттың қаншалықты маңызды екенін ойландырады. Сонымен қатар, кітап бізді өз баламызға деген көзқарасымызды қайта қарауға шақырады.
Менің пікірімше, «Тастамашы, ана» кітабы өте әсерлі болды, себебі ол ананың махаббаты мен отбасының мәнін терең көрсетеді. Кітапта көтерілген мәселелер – бала мен ана арасындағы түсініспеушілік, қоғамдағы қиындықтар мен адамның тағдырын таңдау мәселелері – шынайы және өзекті деп ойлаймын. Менің ұнаған жерім – автор кейіпкерлердің сезімін дәл беріп, оқырманды ойландырады.
Бұл шығармада басты мәселе қандай? Ана махаббаты мен баланың тағдырының қиылысуы мені терең ойға салды. Кейіпкердің ауыр тағдыры арқылы автор қоғамдағы отбасы проблемаларына назар аударғысы келген сияқты. Мысалы, неге кейбір адамдар өз баласына жеткілікті қамқорлық көрсетпейді? Бұл кітапта мені ерекше ойландырғаны – адамгершілік пен жауапкершіліктің шегі қандай болу керек деген сұрақ. Меніңше, шығарма оқырманға тек драмалық оқиғаны ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы маңызды мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді.
Менікіше, Айгиз Баймұхамбетовтың «Тастамашы ана» кітабы мені ерекше ойландырады. Менің ойымша, бұл шығармада аналық махаббаттың мықтысы мен баланы қорғау, қиындыққа қарсы тұру сияқты өзекті мәселелер жақсы көрсетілген. Маған ұнағаны – басты кейіпкердің мейірімі мен табандылығы арқылы отбасындағы қиындықтар мен өмірлік сынақтарды қалай жеңуге болатынын көре алуым. Сол арқылы адамгершілік, жауапкершілік пен сүйіспеншіліктің маңызы айқын көрінеді.
«Тастамашы, ана» кітабы маған әсерлі болды. Маған ұнағаны — ана мен баланың арасындағы сезімнің шынайы көрсетілуі, шығарманың ой салуы және тәрбиелік мәнінің жоғары болуы. Ал ұнамағаны — кейбір жерлері өте ауыр, мұңды, оқығанда көңіл-күйді түсіреді. Соған қарамастан, бұл кітап ананың қадірін түсіндіріп, жауапкершілікке үйрететін маңызды шығарма

«Тастамашы, ана» кітабы маған қатты ұнады, себебі бұл шығармада ананың балаға деген шексіз махаббаты мен мейірімі өте әсерлі көрсетілген.